"Raduga KDR - Петропавлдағы өндірістік базасы болуымен қатар, Қазақстанның тағы 10 қаласында өз филиалдары бар заманауи әрі тұрақты дамып келе жатқан компания. Біз өз өнімімізді сүйіспеншілікпен жасаймыз, бұл ретте тұтынушыларымызды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сапалы әрі қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етеміз. Біз клиенттердің сұраныстарын мұқият қадағалап, технологиялық процесті жетілдіріп отырамыз және ассортиментті кеңейту бағытында жұмыс істейміз. Компанияның Қазақстан нарығында жүргеніне 30 жылдан асты және бұл әлі шегі емес. Бізге клиенттер, жеткізушілер, банктер мен қызметкерлер сенеді. Бірақ біз бір орнымызда тұрмаймыз, үнемі жаңа белестерге қарай ұмтыламыз"
Raduga KDR Бас директоры Дмитрий Шарапаев
"Raduga KDR - ең алдымен қазақстандықтар үшін құрылған отандық өндірістік компания. Біздің миссиямыз – азаматтарымызды күнделікті сұранысқа ие жоғары сапалы тауарлармен қолайлы бағада қамтамасыз ету. Біз ішкі нарықты нығайтып, жаңа жұмыс орындарын аша отырып, ел ішінде сырттан әкелінетін тауарларға қарағанда көбірек өнім шығаруға тырысатындықтан, Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесімізді мақтан тұтамыз. Біздің миссиямыз – қаланың дамуына септігін тигізетін және отандастарымызды өнімдердің кең таңдауымен қамтамасыз ететін қала құраушы және үйлестіруші кәсіпорынға айналу. Және, әрине, Raduga KDR — бұл өз ісіне адал әрі жоғары білікті қызметкерлерден құралған үлкен отбасы. Біз бірге үлкен биіктерді бағындыра алатынымызға және компаниямызды күннен-күнге жақсарта түсетінімізге кәміл сенеміз!"
Ассортимент халықтың барлық топтарына арналған және өз ішіне 15-тен астам сауда маркасын қамтиды. Бұл — күнделікті пайдалануға арналған тамақ өнімдері мен үйге арналған тауарлардың әртүрлі санаттарынан тұратын өнімдердің кең ауқымы.
Тамақ өнімдерінің сауда маркалары
Үйге және жеке гигиенаға арналған тауарлардың сауда маркалары
Біздің мамандар кешенді маркетингтік-логистикалық қызметті, өнімдерді шетелдік өндірушілерден соңғы тұтынушыларға дейін жылжытуды және т.б. жұмыстарды қамтамасыз етеді.
Барлық өзекті бос жұмыс орындарын қарап шығып, біздің үлкен командамыздың бір бөлшегіне айналыңыз. Біздің көптеген ұсыныстарымыздың ішінен өзіңізге ыңғайлы жұмысты таңдаңыз.