Компания туралы
"Raduga KDR - Петропавлдағы өндірістік базасы болуымен қатар, Қазақстанның тағы 10 қаласында өз филиалдары бар заманауи әрі тұрақты дамып келе жатқан компания. Біз өз өнімімізді сүйіспеншілікпен жасаймыз, бұл ретте тұтынушыларымызды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сапалы әрі қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етеміз. Біз клиенттердің сұраныстарын мұқият қадағалап, технологиялық процесті жетілдіріп отырамыз және ассортиментті кеңейту бағытында жұмыс істейміз. Компанияның Қазақстан нарығында жүргеніне 30 жылдан асты және бұл әлі шегі емес. Бізге клиенттер, жеткізушілер, банктер мен қызметкерлер сенеді. Бірақ біз бір орнымызда тұрмаймыз, үнемі жаңа белестерге қарай ұмтыламыз"
Raduga KDR Бас директоры
Дмитрий Шарапаев